Әлемдік нарықта дизель тапшылығы 2027 жылға дейін созылуы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Дизель тапшылығы қай уақытқа дейін созылады / Фото: shutterstock

Таяу Шығыс пен Ресейдегі қақтығыс салдарынан өндіріс шектеліп, әлемдік нарықта дизель тапшы. Өнім жетпеген соң баға қымбаттап, ол инфляцияны жеделдетіп, экономикалық өсімге кері әсерін тигізіп жатыр. Халықаралық энергетика агенттігі (МЭА) есебінде бұл мәселе 2027 жылға да созылатынын ескертті, деп жазады Reuters.

Отын тапшылығы және саяси-экономикалық қысым

Дизель отыны өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көлік саласында кеңінен қолданылатындықтан, оның қымбаттауы саяси да, экономикалық та қысым тудырды.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Еуропалық Одақ елдеріне өз иелігіндегі отын қорын пайдалануды ескертті, кері жағдайда АҚШ-тан дизель экспортына тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді.

МЭА-ның айтуынша, рекордтық бағалар тауар өзіндік құнын арттырып, халықтың шынайы табысы мен экономикалық белсенділігіне нұқсан келтіріп отыр.

Экспорт қысқарып, қор сарқылып жатыр

Қыркүйекте Таяу Шығыс пен Ресейден жөнелтілетін дизель экспорты тәулігіне 1,3 млн баррельге азайды. Бұл – әлемдік дизель мен газ-мұнайға деген сұраныстың шамамен 4,5 пайызы.

Ұзаққа созылған іркіліс салдарынан отын қоры әдетте артатын мезгілде, керісінше, сарқылып жатыр. МЭА сарапшылары Таяу Шығыстағы қақтығыстар шешімін таппаса, жүйедегі қорлар таусылып, 2027 жылы артық өнім пайда болғанға дейін мұнай нарығы жаңа дүрбелеңдерді бастан кешуі мүмкін екенін айтады.

Жыл соңына қарай әлемдік мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы қайта жанданып, қорды толықтыруға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бұл орташа дистилляттар (дизель және авиакеросин) нарығында жинақталған тапшылықтың орнын толтыруға жеткіліксіз. Есепке сәйкес, әлемдік газойль ұсынысы мен сұранысы арасындағы теңгерімсіздік 2027 жылдың бірінші жартысында да сақталып, тек екінші жартыжылдықта ғана бәсеңдей бастайды.

Бұған дейін Ресей жыл соңына дейін дизель отыны экспортын айына 3–3,5 млн тоннаға дейін қалпына келтіру мүмкін екені хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз