Алматыда мас Қытай азаматы полициядан қашқан

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
полиция
Алматыда мас Қытай азаматы полициядан қашқан / Фото: Полиция

Алматыда қытайлық нөмір таққан көліктің жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Кейін оның көлікті мас болып жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданында «Буран-230» патрульдік экипажы Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан көлікті байқап, тоқтауын талап еткен. Алайда жүргізуші полиция талабын елемеген соң, тәртіп сақшылары оны қуа жөнелген.

Тексеру барысында көлік тізгінінде Қытай азаматы отырғаны анықталды. Оның әрекеті күдік тудырғандықтан, ер адам медициналық куәландыруға жіберілген. Нәтижесінде жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғаны расталды.

«Жүргізуші көлік басқарудан шеттетілді. Мас болып көлік жүргізу дерегі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда бір аптада 366 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз