Моншаға түсу қай қалада қымбат (инфографика)

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Business news бөлімінің аға журналисі
фото ЖИ арқылы жасалды

Қазақстанда моншаға бару бір адамға орта есеппен 2100 теңгеге шығады. Бірақ барлық өңірде баға бірдей деуге келмейді. Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйеніп, елдегі монша қызметі қай қалада қымбат, қай қалада арзан екенін анықтап көрді.

Қалалар арасында ең жоғары баға Ақтауда тіркелген. Мұнда моншаға бару 4 128 теңге тұрады. Одан кейінгі орындарда Алматы (3 328 теңге), Қарағанды (3 147 теңге), Жезқазған (3 000 теңге) және Өскемен (2 966 теңге) тұр.

Ең арзан монша қызметі Түркістанда – 1 188 теңге. Қызылордада баға 1 393 теңге, Оралда 1 401 теңге, Таразда 1 509 теңге болған.

Осылайша, Ақтаудағы монша қызметінің бағасы Түркістанмен салыстырғанда шамамен 3,5 есе жоғары.

ҚАЗАҚСТАН · ҚЫЗМЕТ БАҒАЛАРЫ

Моншаға түсу қай өңірде қымбат?

Жалпы залға бір рет барудың орташа бағасы

ӨЛШЕМ теңге

🇰🇿 Қазақстан бойынша
2 109 ₸
↑ Ең қымбаты
4 128 ₸
↓ Ең арзаны
1 188 ₸
♨️ Қызмет түрі
Жалпы зал

Моншаға түсу бағасы

Облыстарда тиісті облыс орталығының бағасы көрсетілген. Өңірді бассаңыз, нақты баға төменде шығады.

Карта жүктелуде…
Баға: 1 800 ₸ дейін 1 800–2 500 ₸ 2 500–3 300 ₸ 3 300 ₸ жоғары
Ең қымбат: Маңғыстау облысы 4 128 ₸
Барлық өңірді кестеден қарау
Өңір Монша, жалпы зал

Облыстарға облыс орталығындағы баға берілді: Абай — Семей; Ақмола — Көкшетау; Алматы облысы — Қонаев; Батыс Қазақстан — Орал; Жамбыл — Тараз; Жетісу — Талдықорған; Маңғыстау — Ақтау; Солтүстік Қазақстан — Петропавл; Ұлытау — Жезқазған; Шығыс Қазақстан — Өскемен. Астана, Алматы және Шымкент жеке көрсетілді.

Бұған дейін Қазақстан бойынша өңірлердегі жолақы құнына көз жүгірткен едік. Ең қымбат және ең арзан жолақысы тіркелген облыстарды мына жерден көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қонаев салдырған әйгілі Арасан моншасы өртенді

Сондай-ақ оқыңыз