Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллардан асты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллардан асты
Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллардан асты / фото: Getty Images

2026 жылдың 8 айында Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 19,3%-ға өсіп, 1,1 млрд доллардан асты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швейцария Елшісі Кристина Хонеггермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«2026 жылдың қаңтарынан бастап, тамыз айына дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1 120,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,3%-ға артық», – деді министр.

Биылғы жылдың 8 айының ішінде Қазақстанның Швейцарияға экспорты 15,4%-ға өсіп, 820,5 млн долларға жетті.

30 позиция бойынша экспорт артады

Министрдің сөзінше, Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын 30 позиция бойынша арттыра алады. Соның ішінде ең перспективті бағыттар – металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай-химия, машина жасау және химия салалары. Оның ішінде алюминий, болат прокаты, ферроқорытпалар, күнбағыс майы, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер туралы сөз қозғалды.

Өз кезегінде Швейцария Елшісі Кристина Хонеггер Министрдің ұстанымын қолдап, швейцариялық тараптың екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, Швейцария Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі: соңғы 20 жылда инвестиция көлемі 36 млрд доллардан асты. Бүгінде елімізде швейцариялық капиталы бар 400-ге жуық компания жұмыс жасайды.

Сондай-ақ оқыңыз