Елде бір аптада 366 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Shutterstock

Қазанның алғашқы аптасында елде 366 888 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Олардың қатарында көлікті мас болып жүргізу, рөлде телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бар, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында тіркелген қылмыстар саны 15%-ға азайған. Осы кезеңде жол-көлік оқиғалары 5%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға, қаза тапқандар саны 16%-ға төмендеді. Ал жыл басынан бері 11,9 миллионнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталған.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция заңсыз қоқыс орындарымен күрес жүргізіп жатыр. Тоғыз айда ел бойынша 1 628 стихиялық қоқыс орны анықталып, оның 1 318-і жойылды. Бұл бағытта 1 186 мобильді топ жұмыс істеп, 42 мыңнан астам рейд өткізген.

Полиция мәліметінше, осы кезеңде қоғамдық орындарды ластауға қатысты 25 мыңға жуық, ал абаттандыру ережелерін бұзуға байланысты 297 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз