Ресейлік әнші Navai екі айға қамауға алынды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ресейлік әнші Наваи Бакиров екі айға қамауға алынды
Ресейлік әнші Наваи Бакиров екі айға қамауға алынды / Фото: instagram.com/Navaib

Navai есімімен белгілі ресейлік рэпер Наваи Бакиров есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілігіп, екі айға қамауға алынды. Тиісті қаулыны Жамбыл облысының Қордай аудандық соты шығарды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Sputnik Кырғызстан басылымының жазуынша, Қырғызстанның Шекара қызметі әнші есірткі заттарымен қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақжол» өткізу пунктінен қалай өткенін анықтап жатыр. Ведомство қызметкерлер тарапынан заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

«Тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолданылады», – деп хабарлады Қырғызстанның Шекара қызметі.

Оқиғаның мән-жайы

14 қазанда Қазақстан шекарасындағы Жамбыл облысының «Қордай» өткізу бекетінде ресейлік орындаушы Navai есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды. Оның автокөлігінен 2,5 грамм марихуана табылды.

Бұған дейін Navai Бішкекте концерт берген. Ал Астанадағы концерті 14 қазанға жоспарланған еді. Алайда билет сату операторы концерттің басталуына төрт сағат қалғанда іс-шараның «техникалық себептерге байланысты» болмайтынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз