Үш миллиардердің әулетіне тиесілі брокерлік компания табысын арттырды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Брокерлік холдинг қанша пайда тапты / Фото: shutterstock.

Миллиардер Шухрат Ибрагимов, Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тесілі «Еуразиялық капитал» брокерлік холдингі 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында табысын едәуір арттырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Аралық есепке сәйкес, 9 айда компанияның бөлінбеген пайдасы 2,6 млрд теңгеден асты. Ал бір акцияның баланстық құны шамамен 4,4 мың теңгені құрап, айтарлықтай өсім көрсетті. Компания бұл кезеңде дивиденд төлеген жоқ.

Компания есепті кезеңде брокерлік қызметтен шамамен 1,2 млрд теңге, андеррайтинг қызметтерінен 600 млн теңгеге жуық, ал инвестициялық портфельді басқару мен консультациялық қызметтерден сәйкесінше 22 млн және 11 млн теңге шамасында комиссиялық табыс тапқан. Бұл ретте жалпы комиссиялық шығыстар 373 млн теңгені құрады.

Компанияның жалпы активтері шамамен 5,7 млрд теңгеге жетсе, ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері 1,8 млрд теңгені құрады. Инвестициялық бағалы қағаздар портфелі 3,6 млрд теңге шамасында бағаланды.

Сонымен қатар, «репо» мәмілелері бойынша кредиторлық берешек шамамен 1 млрд теңгені құрап отыр.

Компанияның 100% акциясы «Еуразиялық қаржы» компаниясына тиесілі. Жыл басында акционерлер құрамында өзгерістер болып, Шухрат Ибрагимов 30% үлеспен қатарға қосылды, анасы Мұқадасхан Ибрагимованың үлесі 3,3%-ға дейін азайды.

Сондай-ақ мұрагерліктің рәсімделуіне байланысты Александр Машкевичтің үлесі Лариса, Анна және Алла Машкевичтерге өтті.

Қазіргі таңда ЕФК акционерлері: Патох Шодиев (33,3%), Шухрат Ибрагимов (30%), Мукадасхан Ибрагимова (3,3%) және Лариса, Анна мен Алла Машкевичтер (әрқайсысы 11,1%).

Сондай-ақ оқыңыз