Жыл басынан бері 358 шетелдік жалған құжатпен Қазақстанға өтпек болған – ҰҚК

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

2026 жылдың басынан бері 358 шетелдіктің жалған құжатпен Қазақстанға өтпек болғаны анықталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталды.

«Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған. Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде», – делінген ҰҚК ақпаратында.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілген.

Шекара қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік шекараны жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мұның алдында ел шекарасы арқылы 640 млн теңгені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз