Ана мен балаға төленетін жәрдемақыдан кімдер қағылады

Жарияланды
беременность
Фото: unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ана мен балаға қатысты төлемақыдан кімдер қағылатынын айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

«Декретке шыққан соң ана әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қорынан жәрдемақы алады. 1,5 жасқа берілетін төлем сақталады. Тек республикалық бюджеттен бөлінетін бала тууға қатысты біржолғы төлем А және В санатына жататын отбасыларға тағайындалмайды. С, D, E санатындағы отбасылар бұл төлемді мемлекеттік бюджет пен МӘСҚ-дан алуын жалғастырады», – деді Ертаев.  

Министр атағандай, егер де анасы бала тууға дейін жұмыс істемесе, А және В санатындағы отбасы ресубликалық бюджеттен төлемақы алмайды.

Бала туған кезде қандай төлем беріледі?

Қолдау түрлері бірдей емес: кейбір төлем барлық отбасыға сақталса, кейбірі отбасының A–E санатына және ата-ананың жұмыс істегеніне байланысты.

1
Бірінші төлем

Декреттік төлем

Жүктілік және босану бойынша төлем бұрынғы тәртіппен сақталады. Отбасының әл-ауқат санаты есепке алынбайды.

✓
Барлық санатқа беріледі A, B, C, D және E санаттарының бәрі қамтылады.
Отбасы санаттары
A B C D E
Өзгеріс жоқ
2
Екінші төлем

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы

Республикалық бюджеттен берілетін біржолғы жәрдемақы отбасының әл-ауқат санатына байланысты болады.

A және B санаты Берілмейді

Әл-ауқаты жоғары және тұрақты отбасыларға біржолғы жәрдемақы тағайындалмайды.

Санаттар
A B
C, D және E санаты Беріліп қалады

Орташа және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға жәрдемақы сақталады.

Санаттар
C D E
3
Үшінші төлем

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем

Мұндағы негізгі айырмашылық — ата-ананың бала туғанға дейін жұмыс істеген-істемегені.

💼
Бала туғанға дейін 2 және одан көп жыл жұмыс істеген МӘСҚ-тан төлем бұрынғы тәртіппен беріледі. Отбасының A–E санаты есепке алынбайды.
Барлық санат
A B C D E
Барлығына
🏠
Бала туғанға дейін жұмыс істемеген — A және B Республикалық бюджеттен бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындалмайды.
Қамтылмайтын санаттар
A B
Берілмейді
👶
Бала туғанға дейін жұмыс істемеген — C, D және E 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақы сақталады.
Қамтылатын санаттар
C D E
Беріліп қалады
♂
Ер адамдарға қатысты өзгеріс

Бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша төлем енді тек анасына тағайындалады.

Қысқаша
🤰 Декреттік төлем A, B, C, D және E санаттарының бәріне сақталады.
💰 Біржолғы жәрдемақы A және B алмайды, C, D және E алады.
👶 Бала күтімі 2+ жыл жұмыс істегендерге — барлық санатта. Жұмыс істемегендерге — тек C, D және E.

Ал С, D, E санатындағы жұмыс істемеген әйелдер төлем алады.

«Үш санаттағы әйелдер декрет кезіндегі демалыста баласы 1,5 жасқа толмай жұмысқа шығып кетсе де, төлемдер сақталады. Әйел жұмыс пен бала күтімін қатар алып жүре алады», – деді ол.

Министр декретке шығатын әкелерге де қатысты өзгерісті атады.

«Декретке шыққан аналарға қатысты төлемдердің атауы заң бойынша өзгерді. Себебі жәрдемақы ана мен балаға арналған. Ер адам декретке шыға алады, бірақ ол жәрдемақы алмайды. Ал әйелдер декретте отырмай, жұмысқа шықса баласы бір жарымға толғанша төлем алады. Бірақ бұл A және B санатындағыларға қатысты емес», – деді Ертаев.

Тағы да оқыңыз: Rolls-Royce-тен баспанасы жоқтарға дейін: министр кімнің қай санатқа жататынын айтты

Сондай-ақ оқыңыз