Талғарда қоқыс полигонындағы өрт толық сөндірілді
Жарияланды

Алматы облысының Талғар ауданы Бәйтерек ауылы маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс полигонында шыққан өрт сөндірілді. Өрт аумағы 850 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады Kursiv.media.
Төтенше жағдай иесіз карьер аумағында болған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз берілді. Құтқарушылар екі лафеттік оқпанның көмегімен өртті сөндірді.
Сонымен қатар арнайы техникамен аумақты топырақпен жабу және жану ошақтарын көму жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген.
Тағы да оқыңыз: Өскеменде өрт шыққан тоғыз қабатты үйден 12 адам құтқарылды