Тоқаев Ақордада Камбоджа премьер-министрін қарсы алды

Жарияланды
Камбоджа премьер-министрі елімізге ресми сапармен келді/ Ақорда

Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kursiv.media.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа үкіметінің басшысы Хун Манет ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президент оркестрі Қазақстан мен Камбоджаның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

Сондай-ақ оқыңыз