Алматы облысында үш сауда бутигі мен асхана өртенді
Жарияланды

18 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Түймебай ауылында үш сауда бутигі мен асхананың шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жіберілді.
«Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Жалынның көршілес ғимараттарға таралу қаупіне байланысты құтқарушылардың негізгі күші жақын маңдағы нысандарды қорғауға және өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталды», – делінген хабарламада.
Өрт 323 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Түркістан облысында мақта өңдеу зауытында өрт шығып, 170 тонна мақта жанып кеткен еді.