Германия 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақ

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Германияда 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салмақ
Германияда балаларға әлеуметтік желіге тыйым салмақ / фото: Shutterstock

Германия үкіметі 13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Елдің Министрлер кабинеті интернеттегі балалар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған реформаның негізгі бағыттарын мақұлдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Германия билігі Еуропалық Одақ көлемінде ортақ ережелер қабылданғанша, цифрлық кеңістікте балалардың қауіпсіздігін қорғаудың жеке тәртібін енгізуді көздеп отыр.

Дайындалып жатқан реформа бойынша, 13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым салынады. Ал 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін шектеулердің бірнеше деңгейі белгіленбек. Балаларға арналып жасалған кей платформаларға ғана ерекшелік қарастырылуы мүмкін.

Жасанды интеллектіні пайдалану сауаттылығы

Бұдан бөлек, билік «ЖИ-Seepferdchen» арнайы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Оның шеңберінде бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллект қосымшаларын тануды, олардың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін түсінуді және оларды сауатты пайдалануды үйретеді. Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, бұл бастаманы Германия тұрғындарының 79 пайызы қолдаған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда да балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты жаңа шектеулер дайындалған еді. Онда 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға аккаунт ашуға тыйым салынады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салуды қолдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз