Кенияда Эбола індетін жұқтырғандар саны 7 адамға жетті

Кенияда Бундибугио штамды Эбола вирусын жұқтырудың жаңа төрт жағдайы расталды. Тіркелген науқастардың жалпы саны жеті адамға жетті, деп хабарлайды Kursiv.mediа Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Кения Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қазандағы мәліметінше, жаңадан дертке шалдыққандардың арасында Эболадан қайтыс болған алғашқы пациенттің жақын туысы және оған ауруханада медициналық көмек көрсеткен үш медицина қызметкері бар.
Бұл туралы Кения Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас директоры Патрик Амот мәлімдеді.
Қазіргі уақытта елде аурудың тұрғындар арасында таралуын болдырмау шаралары күшейтіліп жатыр.
Бұған дейін Кенияда Эбола індетінен бір адам қайтыс болған. ДКР-дың шығысында бұл аурудың бұрын-соңды болмаған ауқымды өршуі жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Конгода эбола індетінен 2 мыңнан астам адам қайтыс болған еді.