Сұңқар Қаныбек жасөспірімдер арасында каратэден Әлем чемпионы атанды

Польшаның Бельско-Бяла қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Қазақстан каратэ федерациясының мәліметінше, жасөспірімдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумитэ бойынша сайысқа түскен отандық спортшы Сұңқар Қаныбек жеңіске жетті.
Шешуші финалдық кездесуде жерлесіміз Шотландия өкілі Каллен Бродиді 4:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
Осылайша, Сұңқар 2024 жылы дәл осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған отандасы Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады.
Сұңқар Қаныбек Қызылорда каратэ мектебінің түлегі. Бұған дейін ол Фуджейра мен Гвадалахарада өткен Karate 1 – Youth League жастар лигасы турнирлерінде бірнеше мәрте топ жарған.
Бұған дейін XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева да кумитэ бойынша алтын жеңіп алған еді.