Түркістан облысында мақта өңдеу зауытында 170 тонна мақта жанып кетті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы мақта өңдеу зауытында өрт шығып, 170 тоннаны құрайтын 4 мақта бунты жанып кетті, деп хабарлайды Kursiv.media ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама 17 қазанда Түркістан облысы ТЖД дағдарыс жағдайларын басқару орталығына түскен. Мақтаарал ауданы, Жетісай – Атакент тас жолының бойында орналасқан мақта өңдеу зауытының ашық аумағында өрт шыққан,

«Зауыт аумағында орналасқан жалпы салмағы 700 тоннаны құрайтын мақта жиынтығының ішіндегі 170 тоннаны құрайтын 4 мақта бунты жанып, өрт аумағы 242 шаршы метрді құрады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілген.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Өскеменде өрт шыққан тоғыз қабатты үйден 12 адам құтқарылды 

Сондай-ақ оқыңыз