АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстанға 200 америкалық компанияны әкелді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Саида Мирзиёева /Telegram

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Орталық Азияға алғаш рет ресми сапармен келді. Ақ үй өкілі аймақтағы СІМ басшыларымен C5+1 форматында кездесіп, АҚШ пен Өзбекстанның іскерлік және инвестициялық кеңес отырысын өткізбек, деп жазады Kursiv.Media.

Өзбекстан тарапы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен жұбайын Самарқанд әуежайынан жоғарғы дәрежеде күтіп алды. Қарсы алғандар арасында Президент Әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзиёева, сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов, АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы елшісі Серджио Гор және америкалық елші Джонатан Хеник болды.

Самарқандқа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те келді. Ол инвестициялық кеңеске қатысып, Рубиомен келіссөздер өткізуі керек.

Айта кету керек, екі тарап арасындағы іскерлік және инвестициялық жиынға Саида Мирзиева мен Серджио Гор төрағалық етеді. Бұл екінші отырыс. Бұған дейін 2026 жылы көктемде Вашингтонда іскерлік кеңес ресми түрде жұмысын бастап, бірінші отырысы өткен еді.

АҚШ пен Орталық Азия байланысының жаңа деңгейі

Рубионың жұмыс кестесіндегі маңызды шараның бірі – C5+1 форматындағы кездесу. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның сыртқы істер министрлері қатысуы керек. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл келіссөздерді «Америка мен Орталық Азияның экономикалық серіктестігінің жаңа дәуірінің» бастамасы деп бағалады.

Бұған дейін АҚШ-тың бірде-бір президенті  Орталық Азияға ресми сапармен келмегенін ескерсек, мемлекеттік хатшының іс-сапары өңір үшін маңызды оқиғаның бірі болып тұр. Шетелдік БАҚ жазуынша, Рубиомен бірге бұл сапарға 200-ге жуық америкалық компанияның өкілдері келген. Ресми сапар 22 қазанға дейін жалғасады.

АҚШ осыған дейін дипломатиялық жолдар арқылы Өзбекстанға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсеткен. Соңғы рет былтыр күзде Дональд Трамп пен Шавкат Мирзиеев Вашингтонда жеке кездескен еді. Осыдан кейін ресми Ташкент Өзбекстан АҚШ-тан шағын ядролық реакторлар сатып алатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз