Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысы Жавохир Синдаровқа тұрмысқа шықпақшы

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
фото:Бибісара Асаубаева жеке парақшасынан

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаровқа тұрмысқа шығады. Жавохирдің атасы Комил Синдаров өзбек журналисіне берген сұхбатында бұл жаңалықты растады, деп жазады Kursiv.Media.

Комил Синдаровтың айтуынша, Жавохирдің болашақ жарының шахмат әлемін түсінуі маңызды.

«Той болады, біздің бұл тойдан күтеріміз көп. Егер Жавохирді шахматты түсінбейтін басқа қызға үйлендірсек, қиындық тууы мүмкін. Ол жылына 12 айдың 11 айын шетелде, жарыстарда өткізеді. Сондықтан онымен бірге сапарға шығуға дайын болу керек», – дейді ол.

Синдаровтың пікірінше, Бибісараның Қазақстаннан болуы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Комил Синдаров Әмір Темірдің де өз балалары мен немерелеріне басқа мемлекеттерден қалыңдық іздеп, елдер арасындағы достықты күшейтуге ұмтылғанын еске алды. Әрі екі танымал шахматшының отбасын құруынан үлкен үміт күтетінін жасырмады.

«Екі әлем чемпионы, екі алып гроссмейстерден болашақта ұлы ұрпақ дүниеге келеді деп үміттенемін», – деді Комил Синдаров.

Жавохирдің атасының сөзінше, егер болашақта Бибісара Ташкентке көшіп барса, бұл Өзбекстандағы шахматтың дамуына да серпін беруі мүмкін. Бірақ мұндай шешім ерлі-зайыптылардың жеке ісі екенін де ескерте кетті.

Әлемге танымал қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаровпен кездесіп жүргенін биыл ашық түрде жариялаған. Екеуінің достығы бес жыл бұрын басталған. Қазір Асаубаева да, Синдаров та әлемнің үздік шахматшыларының қатарында.

Тақырыпқа орай: Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров бір командада ойнайды

Сондай-ақ оқыңыз