Еркебұлан Тоқтар жауынгер Тазабек Баяновты қасқырға теңеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Еркебұлан Тоқтар жауынгер Тазабек Баяновтың спорттағы болашағына болжам жасап, қасқырға теңеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Еркебұлан Тоқтар желідегі парақшасына Тазабек Баяновтың жеңісінен кейін сөз сөйлеген сәтін жариялады. Онда жауынгер өзбекстандық қарсыласы Абдумалик «Абби» Ёрбутаевты жекпе-жекке шақырады. Еркебұлан Тоқтар ағасына жеткізбей, сыбағасын беруге уәде береді.

Бұл жайт Еркебұланға қатты ұнағаны байқалады.  

 «Бұл қасқырға медийка ғана жетпей тұр. Аллам бұйырса, біраз жерге барады. Жеңістерің құтты болсын!», – деп тілектестік білдірген.

 Айта кететін жайт, Тазабек Баянов мұның алдында Аббимен спорттың кез келген түрінен – ММА, жұдырықтасу, тіпті, жүзу, шахмат, шашкадан да сайысқа түсуге дайын екенін айтып, жұртты ду күлдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз