Ораза 8 ақпанда басталады: ҚМДБ 2027 жылғы діни күндерді жариялады
Жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті. Шариғат және пәтуа бөлімі діни күнтізбені жариялады, деп жазады Kursiv.Media.
Жарияланған күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге белгіленген.
Құрбан айт 2027 жылы 16-18 мамыр аралығында атап өтіледі.

ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталу күндері халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйеніп есептелген. Алайда діни мерекелердің нақты күні жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ерте не кеш болуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз: 2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа 4 туроператор ғана апара алады.