Қырғызстанда сотталғандарға қайта рақымшылық сұрауға рұқсат берілуі мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Эдиль Байсаловтың пікірінше, Қырғызстан АҚШ енгізген визалық кепіл талаптарына жауап ретінде тиісті шаралар қабылдауы тиіс / Фото: Shutterstock
Қырғызстанда сотталғандарға қайта рақымшылық сұрауға рұқсат берілуі мүмкін / Фото: Shutterstock

Қырғызстанда қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға қайтадан рақымшылық сұрауға ресми түрде рұқсат беру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Президент жарлығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұған дейін заңнамада мұндай жағдайларға қатысты нақты регламент болмаған еді. Ұсынылып отырған өзгерістер рақымшылық жасау процедурасын жеңілдетуге, жеделдетуге және қайта өтініш берудің қатаң уақыт шеңберін белгілеуге бағытталған.

Жаңа ережеге бұрын рақымшылық жасалған адамдардың қайтадан рақымшылық туралы өтінішхат беру құқығын көздейтін норма қосылады:

  • Белгілі бір мерзімге сотталғандар рақымшылық жасау туралы қайта өтінішті тағайындалған мерзімнің кемінде жартысын өтеп болғаннан кейін ғана бере алады (ерекше жағдайлар болмағанда). Егер бірінші өтініш қабылданбаған жағдайда мерзімнің жартысы өтеліп қойған болса, бас тартылған жарлыққа қол қойылған күннен бастап 1 жылдан кейін қайта өтініш білдіруге болады.
  • Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар үшін жаңа елеулі мән-жайлар болмаған жағдайда қайта өтінішхат бұрынғы өтініш кері қайтарылғаннан кейін кемінде 10 жыл өткен соң қабылданады.

Құжатта мерзімнен бұрын қараудың ерекше жағдайлары да белгіленген:

  • Сотталған адамның өміріне қауіп төндіретін ауыр дертінің болуы;
  • Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу өмірге қауіп төндіретін немесе жазаны орындауды мүмкін етпейтін ауру;
  • Сотталған адам өз әрекеттерін түсіне алмайтын немесе оларға басшылық ете алмайтын және жазасын өтеудің әдеттегі жағдайларынан тыс емделуді қажет ететін психикалық ауытқушылық;
  • Өтінішхат бұрын қаралғаннан кейін белгіленген І топтағы мүгедектік;
  • Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде немесе медициналық ұйымында көрсетілуі мүмкін болмайтын шұғыл емдеу қажеттілігі.

Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы, социал-демократиялық партияның (СДПК) жетекшісі Қадыр Атамбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз