Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

25 қазан күні Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Биыл мереке күні жексенбіге сәйкес келеді.

Осыған байланысты демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауысады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазан күндері, яғни сенбіден дүйсенбіге дейін қатарынан үш күн демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 24 және 25 қазанға сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс аптасында қазан айында барлығы 10 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 5 күн демалады.

Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға орай белгіленген. 2022 жылдан бастап бұл күн ұлттық мереке ретінде қайта аталып өте бастады.

Тағы да оқыңыз: Астанада Республика күні 120-дан астам іс-шара өтеді

Сондай-ақ оқыңыз