«Салам Бішкек»: Шакираның Қырғызстандағы концерті қалай өтті

Жарияланды 19 Қазан 2026 10:30

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Kursiv.Media

Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте концерт берді. Орталық Азиядағы алғашқы концертіне келген өнерпаз қырғыздың ұлттық бас киімін киіп, жанкүйерлеріне ерекше ықылас танытты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Шакираның Бішкектегі концерті Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты әлемдік турнесі аясында өтті. Әншінің өнерін тамашалау үшін Қырғызстан тұрғындарынан бөлек, өзге елдерден де жанкүйерлер келген.

Концерт алдында Шакира Instagram парақшасында бірнеше видео жариялады. Кадрлардан әншінің қырғыздың ұлттық бас киімі – тебетей киіп, шашын қос бұрым етіп өргенін көруге болады. Өнерпаз осындай образда сахнадағы дайындық кезінде де көрінді.

фото: скрин

Шакираның Бішкектегі концерті небәрі бір жарым сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде әнші өзінің танымал хиттерін орындап, көрермендерге би мен сахналық эффектілерге толы шоу ұсынды. Концерттің ең әсерлі сәттерінің бірі She Wolf әні кезінде сахнада алып қасқыр бейнесінің пайда болуы болды.

фото: Kursiv.Media

Сахнада алып қасқырдың бейнесі пайда болып, жарық пен визуалды эффектілер көрермендерге әсерлі шоу ұсынды.

Әнші концерт барысында түрлі сахналық костюм ауыстырып, бишілермен бірге өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Шакираның Қазақстанда концерт беруі мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Алайда әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті Бішкекте өтті.

Сондай-ақ оқыңыз