Талдықорғанда наубайхана өртеніп, қызметкер зардап шекті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Талдықорғанда наубайхана өртеніп, қызметкер зардап шекті / Фото: Shutterstock

Талдықорғанда Желтоқсан көшесінде орналасқан наубайханадан өрт шықты, деп хабарлайды  Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, тілсіз жау ғимараттың шатырын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 78 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына шұғыл жеткен Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жалынды тез арада сөндірді.

Төтенше жағдай салдарынан 40 жастағы наубайшы зардап шекті. Ол қолынан жеңіл күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіру жұмыстарына облыстық ТЖД 22 қызметкері мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін 18 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Түймебай ауылында үш сауда бутигі мен асхананың шатырында өрт шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз