Toyota Racing өндірушілер арасындағы чемпионатта жеңіске жетті

Toyota Racing командасы әлем чемпионатының (WEC) 2026 жылғы 6 сағаттық кезеңінде бірінші және екінші орындарды иеленді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Toyota ақпаратына қарағанда, осылайша Барселонада өткен FIA төзімділік жарыстары бойынша өндірушілер арасындағы чемпиондық атақты мерзімінен бұрын алған.
«Circuit de Barcelona-Catalunya трассасында өткен маусымның қорытынды жарысында команда маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Команда өз тарихындағы өндірушілер арасындағы сегізінші чемпиондық атағын, ал Toyota Racing атауымен алғашқы титулын жеңіп алды», – делінген ақпаратта.
Буэми, Хартли және Хиракава басқарған №8 TR010 HYBRID автокөлігі жарыста жеңіске жетіп, пилоттар арасындағы чемпионаттағы басымдығын одан әрі арттырды.
Конвей, Кобаяши және де Врис басқарған №7 автокөлігі де мәреге екінші болып жеткен. Финалдық жарыс қарсаңында №7 автокөлігі пилоттар чемпионатында командаластары мінген №8 автокөліктен 17 ұпайға алда болды. Осылайша, чемпиондық атақ үшін күрес екі TR010 HYBRID автокөлігінің арасында өрбіді.
Toyota Racing командасы Ле-Мандағы 24 сағаттық жарыста және Фудзи трассасында өткен 6 сағаттық жарыста жеңіске жетіп, TR010 HYBRID автокөлігінің дебюттік маусымында өндірушілер мен пилоттар арасындағы чемпиондық атақтарды да иеленді.
Айта кететін жайт, Lexus компаниясы флагмандық LX жол талғамайтын көлігіне бірқатар жаңарту енгізген еді.