Айсұлтан Сеитов тағы бір шетелдік жұлдызға бейнебаян түсірді

Жарияланды
LifeStyle бөлімінің журналист
General news бөлімінің редакторы
фото: youtube.com/@ASAPROCKYUPTOWN, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов тағы бір шетелдік жұлдызға бейнебаян түсірді. Ол америкалық рэпер A$AP Rocky-дің Shroom Clouds әніне түсірілген жаңа клиптің режиссерлерінің бірі болды деп жазады Kursiv Media.

Сеитов бұл туралы Instagram парақшасында хабарлап, рэпермен бірге түскен суретін жариялады. Бейнебаян 19 қазанда A$AP Rocky-дің YouTube арнасында шықты. Соңғы титрлерде режиссер ретінде рэпердің өзі, Айсұлтан Сеитов және Пьетро Биз Бьязия көрсетілген.

Shroom Clouds әні 2026 жылғы 16 қазанда жарық көрді. Оны жазуға америкалық орындаушылар Jeremih пен Reggie де қатысқан.

Сеитов пен A$AP Rocky бұған дейін де бірге жұмыс істеген. 2021 жылы қазақстандық режиссер PacSun киім брендіне арналған жарнамалық бейнебаянды түсіруге қатысқан. Ол кезде рэпер жобаның шығармашылық жетекшісі болды.

Сондай-ақ Айсұлтан Сеитов 21 Savage пен J. Cole-ға арналған бейнебаян түсірген. Ал 2022 жылы режиссердің «Қаш» атты толықметражды фильмі жарық көрді.

Сондай-ақ оқыңыз