Астана әуежайында жолаушыларды ЖИ арқылы тексермек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Астана әуежайында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы танып, жеке басын автоматты түрде анықтайтын жасанды интеллект жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің нормативтік-құқықтық акт жобасында айтылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ведомствоның түсіндіруінше, жаңа технология қауіпсіздік деңгейін арттырып, кезектерді қысқартуға бағытталған. Жолаушыларды бет-әлпеті арқылы тану ұшу алдындағы тексеруден өтуді едәуір жеделдетіп, терминалдағы қызмет көрсету сапасын жақсартады деп күтіледі.

Процестерді автоматтандырудың арқасында жолаушылар ұшар алдында қажетті тексеру кезеңдерінен жылдамырақ өте алады.

Нормативтік-құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 4 қарашаға дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан әуежайлары 2025 жылы бюджетке қанша салық төледі.

Сондай-ақ оқыңыз