Астанадан Меккеге дейін: ер адам қажылық жасау үшін 7 ай бойы жаяу жүрді

Жарияланды
2025 жылы қажылыққа қанша ақша кетеді
Ол 6,5 мың шақырым жаяу жүрді / kursiv.media архиві

Қазақстандық Азамат Сәрсембай Меккеге жаяу қажылық сапарына шығып, жол бойында түрлі елдің тұрғындарынан қолдау көрді. Ол сапарын 2026 жылғы 12 сәуірде Астанадан бастаған. Мақсатына жету үшін ол шамамен 6,5 мың шақырым жол жүріп, жеті елдің аумағын басып өтті, деп хабарлайды Kursiv.Media. 

Саяхатшы сапар барысын әлеуметтік желідегі парақшасында күн сайын жариялап, оқырманына жол үстіндегі оқиғаларын баяндап отырды. Оның сапарына бейжай қарамаған желі қолданушылары да қолдау білдіріп келді.

Мәселен, 19 шілдеде сапарының 98-ші күні Азамат Ресейдің Астрахан облысына Красный Яр ауылы арқылы кірген. Мұнда оның жолын бақылап жүрген жергілікті тұрғындар арнайы кездесіп, көмектескен. Бірі тамақ ұсынса, енді бірі рюкзагын көтерісіп, үйіне шақырған. Сондай-ақ саяхатшыға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қонақүйдегі түнеу ақысы төленген.

Instagram-да көру

Саяхатшының ұзақ сапары жолдағы төзімділікпен қатар, адамдардың жанашырлығы мен мейірімділігін де көрсетті. Әртүрлі елдің тұрғындары мен жол бойындағы тәртіп сақшыларының көмегі оның қажылық сапарын жалғастыруына қолдау болған. Қазір ол Сауд Арабиясының Медина қаласында құлшылығын бастады. Ел шекарасына кірген кезде оған араб азаматы көмек көрсетіп, үйіне қонақ еткен. 

«Осы күндерім үшін, шүкір. Менің сапарым осымен соңына жетіп қалды. Қажылық жасауға кірісемін», – деді Азамат Сәрсембай. 

Ол осыдан үш жыл бұрын қажылыққа жолшыбай көліктерді тоқтатып жеткен еді. 

Тағы да оқыңыз: 2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа 4 туроператор ғана апара алады

Сондай-ақ оқыңыз