FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға кері қайтты

FlyArystan әуе компаниясының Алматы-Павлодар бағытындағы ұшағы межелі қалаға 300 шақырымдай қалғанда кері бұрылып, Алматыға оралды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Компания мәліметінше, FS-7131 рейсі Павлодар әуежайында ұшақты мұздануға қарсы өңдеу мүмкін болмағандықтан кері қайтқан. Ауа райының нашарлауына байланысты Павлодардан қауіпсіз ұшып шығуға кепілдік болмаған. Осыған байланысты FS-7132 кері рейсі де тоқтатылды.
FlyArystan жолаушыларға орын болған жағдайда жақын рейске бір рет тегін қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару мүмкіндігі берілетінін хабарлады.
Компания ұшу қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, рейстердің қайта жандануы туралы қосымша ақпарат беруге уәде етті.
Айта кетейік, осыған дейін Тараздан Астанаға бағыт алған ұшақ жолаушылардың бірі ұшудан бас тартқаннан кейін тексерілген еді.