Көлігінен есірткі табылған ресейлік рэпер Navai жазадан құтылып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: instagram.com/Navaib

Жамбыл облысында көлігінен марихуана табылған ресейлік рэпер Наваи Бакиров жазадан құтылып кетті. Ақпаратты Жамбыл облысы полиция департаменті растады.

Полицияның хабарлауынша, ресейлік рэпердің қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет жасағаны ескерілген. Сондай-ақ Наваи Бакиров жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Осылайша рэперге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Артынша рэпер Қазақстаннан кетіп қалған.

Оқиғаның мән-жайы

14 қазанда Жамбыл облысының «Қордай» өткізу бекетінде Navai есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды. Оның автокөлігінен 2,5 грамм марихуана табылған. 

Navai оның алдында Бішкекте концерт берген. Ал Астанадағы концерті 14 қазанға жоспарланған еді. Алайда билет сату операторы концерттің басталуына төрт сағат қалғанда іс-шараның «техникалық себептерге байланысты» болмайтынын мәлімдеді.

Содан кейін оның екі айға қамалғаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз