Оралда көпқабатты үй өртенді – 12 адам эвакуацияланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Оралда көпқабатты үйдегі өрт кезінде әйел құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kursiv.media.   

«112» пультіне Орал қаласындағы Гагарин көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде екінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері әйелді құтқарды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жоғарғы және төменгі қабаттардағы пәтерлерден 12 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ал Алматы облысында үш сауда бутигі мен асхана өртенді. Зардап шеккендер болмады.

Сондай-ақ оқыңыз