
Әнші Серік Ибрагимов МузАрт тобының мүшесі Мейрамбек Беспаевты елу жасқа толуымен құттықтап, шапан жапты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Мейрамбек Беспаев кеше Қызылордада өткен концерт берді. Сыр елінің тумасы Серік Ибрагимов өзі келе алмаса да, досы арқылы әнші ағасына кәде-сыйын беріп жіберген.
«Серіктің қазір әншіліктен бөлек, кино саласында жүргенін білесіздер. Осыдан екі жыл бұрын «Заманбек» деген кино түсіріп, 1,5 жарым млдр касса жинаған. Қазір «Заманбек-2» деген кино түсіріп жатыр. Құнықты ма, білмеймін ғой, енді», – деп әзілдеді досы.
Оның айтуынша, Астанада алдын ала көрсетілім болып жатқан соң, өзі концертке келе алмай қалған. Десе де, достары арқылы сәлемдемесін жіберіп, шапан жабуды жөн көрген.
«Мейрамбек ағамыздың 50 жас кеші құтты болсын! Ағамды ерекше жақсы көремін, сыйлаймын», – деп жазды Серік Ибрагимов.
Айта кететін жайт, мамыр айында Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталған еді.