TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды / Фото: freepik

Алматы облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сот баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 11 қазанда сағат 12:00 шамасында болған. Әйел үйінде отырып тікелей эфир жүргізу кезінде бейәдеп сөздер қолданған.

Сот отырысында іс материалдары, соның ішінде балағат сөздер айтылғаны тіркелген бейнежазба зерттелді. Әйел өз кінәсін мойындады.

Сот оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 3-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша 20 АЕК, яғни 2026 жылы 86 500 теңге айыппұл салды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, алкоголь ішіп, темекі шеккен екі әйел ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз