Вице-министр Савьелеваның орнына Құрылтайға жаңа депутат келді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді. Оған депутаттық куәлік пен төсбелгіні ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров табыстады, деп жазады Kursiv.Media.

Тиісті қаулы 20 қазанда қабылданды.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бұған дейін «Әділет» партиясы Саяси кеңес бюросының бос депутаттық мандатты партиялық тізім бойынша Гүлнар Тойлыбаеваға беру туралы шешімін Орталық сайлау комиссиясына жолдаған.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Нұрлан Әбдіров.

Жаңа депутат туралы не белгілі?

Гүлнар Тойлыбаева 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: педагогикалық және заңгерлік. Еңбек жолын физика және математика пәндерінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Ескелді ауданы әкімдігінің мәдениет және ішкі саясат бөлімінде жұмыс істеген.

2007–2022 жылдары Nur Otan партиясының (AMANAT) облыстық филиалында бөлім меңгерушісінен бастап төрағаның бірінші орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарған.

Құрылтай депутаты болып тағайындалғанға дейін Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және Әдеп жөніндегі кеңестің құрамында болған.

Еске салайық, Маңғыстаудағы 14 сарбаздың өлімінен кейін Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізген. Құрылтай депутаты болған Татьяна Савельеваны вице-министр етіп тағайындаған еді.

Оқи отырыңыз: 25 жылдан кейін Қорғаныс министрінің орынбасары болған екінші әйел жайлы не белгілі

Сондай-ақ оқыңыз