АҚШ-тың мемлекеттік қарызы екі айда 400 млрд долларға өсті

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы екі айда 400 млрд долларға өсті / pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 трлн долларлық рекордтық межеден асқаннан кейін, екі ай ішінде тағы да 400 млрд долларға жуық көбейді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

US News хабарлауынша, бұл көрсеткіш қорғаныс шығындарының, әлеуметтік бағдарламалардың және пайыздық мөлшерлемелердің бюджет тапшылығына айтарлықтай әсер етіп отырғанын көрсетеді.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2026 жылдың 19 тамызында 40 трлн доллардан асқан болатын. Өткен жылдың қазан айында қарыз көлемі тарихи рекорд орнатып, алғаш рет 38 трлн доллардан асқан еді.

Аналитиктердің қазіргі өсу қарқынына негізделген болжамдары бойынша, 2030 жылға қарай мемлекеттік қарыз 50 трлн доллардан асып кетуі мүмкін.

АҚШ-та Конгресс бекіткен мемлекеттік қарыздың заңды лимиті бар. Екіпартиялық саясат орталығының (Bipartisan Policy Center) бағалауынша, АҚШ 2027 жылдың қыс соңы мен жаз ортасы аралығында 41,1 триллион долларлық қарыз лимитіне жетуі ықтимал. Бұл Конгрестің шекті межені көтеру немесе оның қолданысын уақытша тоқтату мәселесі бойынша қайта дауыс беруін талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыз