Астанада тұрғын үй ауласындағы әскери суреттер өшірілді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Астанада тұрғын үй ауласындағы әскери суреттер өшірілді / Фото: threads.com/@didar_toledo/

Астанадағы «Меруерт» тұрғын үй кешенінің балалар алаңқайындағы қаруланған сарбаз, әскери тікұшақтар бейнелері боялып тасталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

HALYQSTAN басылымының ақпаратына сүйенсек, Есіл ауданының әкімдігі өзгеріс тұрғындардың пікірі ескеріле отырып жасалғанын хабарлады.

Ойын құрылымдарының дизайнына алғаш болып Threads желісінің didar_toledo бүркеншік атымен тіркелген қолданушысы назар аударған.

«Балалар алаңқайда күнде соғысқа арналған суреттерді не үшін көруі керек?»,- деп жазады жазба авторы.

HALYQSTAN басылымының сауалына жауап берген аудан әкімдігі құрылымдар 2021 жылы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орнатылғанын түсіндірді.

«Бұл элементтер балаларға арналған қызықты әрі әртүрлі ойын кеңістігін құру мақсатында қарастырылған болатын», – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері тұрғындардың өтініші мен пікірін ескере отырып, аталған суреттердің боялып, өшірілгенін қоса айтты.

Сондай-ақ оқыңыз