Енді Қорғастағы шекарадан 10 секундта өтуге болады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
граница Казахстана и Китая
фото: Shutterstock.com

Қытаймен шекарадағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында QGate электронды тексеру жүйесі енгізіліп жатыр, деп жазады Kursiv.Media Жетінші арнаға сілтеме жасап. 

Q-Gate жүйесі жолаушыларды бет-әлпеті мен паспорты арқылы тексеріп, жеке басын 15–50 секунд ішінде анықтайды. Дәстүрлі паспорттық бақылаудан 4–5 есе жылдам. Соның арқасында шекарадан өтетін адамдар санын көбейтіп, кезекті азайтуға болады. Мысалы, Q-Gate жүйесі арқылы 200 жолаушыны тексеруге шамамен 7 минут кетеді. Ал қызметкерлер қолмен тексергенде бұл жұмысқа шамамен 30 минут қажет.

2028 жылға дейін Қазақстанның өткізу бекеттеріне осындай тағы 198 биометриялық терминал орнату жоспарланып отыр. Қазір еліміздің 11 өткізу бекетінде 54 Q-Gate терминалы жұмыс істейді. Олардың қатарында Астана мен Алматының халықаралық әуежайлары бар.

Қорғасқа баратындардың қарасы көп

Бұл шекара бекеті үшін өте өзекті жүйе. Жетісу облысының туризм басқармасының бас маманы Мұрат Мәдіевтің айтуынша, былтыр «Қорғасқа» шамамен 2 миллион адам барған.

Аталған аумақ Жетісу облысындағы танымал туристік орындардың бірі саналады.. Олардың көбі Алакөл мен Балқаш көлдеріне, «Алтын-Емел» ұлттық паркіне және шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барған.

«Өткен жылы шекара маңы ынтымақтастығы орталығына 2 миллионға жуық адам келді. Ал билет сатудан түскен табыс 3 миллиард теңгеден асты», – деді Мұрат Мәдіев.

Орталық аумағында туристерге арналған 50-ге жуық жаңа жоба іске қосылған. Мұнда сауда жасаудан бөлек, Қытай мәдени орталығының музейін аралап, 9D кинотеатрға және саябаққа баруға болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан бес трансшекаралық хаб арқылы сауданы күшейтпек

Сондай-ақ оқыңыз