«Құпияны ашатын уақыт келді»: Димаш Құдайберген жанкүйерлерін елеңдетіп қойды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Фото: instagram.com/KUDAIBERGENOV.DIMASH

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген 21 қазанда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, жанкүйерлеріне ешкім күтпеген жаңалықты бөлісетінін мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Өнер иесі 20 қазанда TikTok желісінде алғаш рет ескертусіз тікелей эфирге шыққанын айтты. Оның айтуынша, эфирге қосылып үлгермей қалған жанкүйерлер реніш білдіргеннен кейін, жаңалықты бүгін айтатынын жазды.

«Кеше алдын ала ескертпестен TikTok-та алғаш рет тікелей эфирге шықтым. Көпшілігіңіз эфирге қосылып үлгермегендіктен, жаңалығымды бүгін айтуды ұйғардым. 5 сағаттан кейін тікелей эфир. Сіздер күтпеген жаңалығым бар, не туралы айтатынымды елесте де алмайсыздар», – деп жазды ол әлеуметтік желісіндегі парақшада.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Польшада жаңа әлемдік турын бастағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз