Сарқанда ірі өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Сарқанда ірі өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр / Фото: ТЖМ

Жетісу облысының Сарқан ауданында ірі табиғи өрт шықты. Қазір өртті сөндіруге құтқарушылар мен орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Құрақсу орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өрт шарпыған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды.

Өртті сөндіруге Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының күштері мен құралдары тартылған. Сонымен қатар, «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылып, әуеден жалпы көлемі 11,4 тонна су төгілген. Тікұшақ 19 рет су шашқан.

ТЖМ мәліметінше, әзірге елді мекендер мен шаруа қожалықтарға қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде үш қабатты тұрғын үй өртеніп, 8 адам эвакуацияланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз