Қар аралас жаңбыр: ҚазАвтожол жүргізушілерге ескерту жасады
Жарияланды

«ҚазАвтоЖол» бес облыста ауа райы бұзылатынын ескертіп, жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бүгін, 21 қазанда Абай, Павлодар, Қарағанды, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Соның салдарынан республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол тайғақ болуы ықтимал.
«Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз», – делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» 21 қазанға ауа райы болжамына сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік пен шығыста күн күрт суытады деп күтілуде.