АҚШ, Ресей және Украинаның келіссөздері Абу-Дабиде өтуі мүмкін

Ресей, Украина және АҚШ-пен үшжақты келіссөздерді шамамен 10 қарашада қайта бастауға дайын. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путиннің АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен Санкт-Петербургте өткен кездесуінен кейін мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.
Ушаковтың айтуынша, тараптар делегациялар деңгейіндегі келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігін талқылаған. Негізгі тақырып қақтығыс аяқталғаннан кейін Ресей мен Украина арасындағы қауіпсіздік жүйесі болмақ.
Кездесу өтетін орын ретінде Абу-Даби қарастырылып отыр. Үшжақты келіссөздер бұл қалада 2026 жылдың қаңтарында да өткен болатын.
Кездесуден кейін Стив Уиткофф келіссөздердің сындарлы өткенін және жұмыс үшжақты кездесулердің техникалық деңгейінде жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, келісімге қол жеткізу үшін әлі де ауқымды жұмыс қажет.
Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін үшжақты келіссөздер форматын қайта бастауға қолдау білдірген. Берілген ақпаратқа сәйкес, Киев техникалық кездесуді мүмкіндігінше тезірек өткізуді қолдайды. Алайда келіссөздердің нақты күні мен орны әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Путин мен Уиткоффтың кездесуі шамамен үш сағатқа созылды. Тараптар АҚШ-тың арнайы өкілі Зеленский және Еуропа көшбасшыларымен Ослода өткізген келіссөздерден кейін жеткізген ұсыныстарды да талқылаған.
Ушаковтың сөзінше, бұл ұсыныстардың арасында жаңа тұстар болғанымен, Ресей тарапы олардың барлығын қақтығысты реттеу үшін пайдалы деп санамаған.
Тағы да оқыңыз: «Не істеп жүргенін білмейді»: Трамп тағы да Зеленскийге шүйлікті