Атырауда жалған нөмір таққан Toyota Camry жүргізушісі куәлігінен айырылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
налог на транспорт в казахстане, тойота камри
Toyota Camry / shutterstock

Атырауда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Polisia.kz хабарлауынша, қара түсті седан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында түнде Абай орталығы аумағында тоқтатылған. Тексеру кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екенін анықтады.

Іс-құжаттары мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіліп, сот шешімімен заң бұзушыға бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру және екі тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгергенін хабарлаған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз