Оңтүстікте үсік күтіледі: 23 қазанға ауа райы болжамы

Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, көктайғақ болып, оңтүстікте түнде үсік жүреді. «Қазгидромет» 23 қазанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8, екпіні 13 м/с. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.
Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Ақтөбеде ашық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C.
Атырауда ашық, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +6…+8°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C,күндіз 0…+2°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.
Қонаевта көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0….+2°C, күндіз +8…+10°C.
Қостанайда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -1….-3°C, күндіз +5…+7°C.
Қызылордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
Оралда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Өскеменде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…+2°C.
Павлодарда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
Петропавлда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.
Семейде көшпелі бұлт, қар, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C.
Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C.
Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C.