«Қайрат» – «Панатинаикос» ойынын қайдан көруге болады

Бүгін, 22 қазанда алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда Грекияның «Панатинаикос» клубымен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 19:30-да басталады, деп хабарлайды Kursiv Media.
«Қайрат» – «Панатинаикос» ойынын жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Алматылық клуб Конференция лигасының жалпы кезеңін сырт алаңдағы тең нәтижемен бастаған. Бірінші турда «Қайрат» Латвияның «Рига» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Ал «Панатинаикос» алғашқы турда Босния және Герцеговинаның «Борац» клубын өз алаңында 2:1 есебімен жеңді. Грекиялық команда сапында Сирил Дессерс пен Кингс Кангва гол соқты.
Екі команда да ірі жеңістен кейін кездеседі
Конференция лигасындағы алғашқы турдан кейін екі клуб та өз елдерінің чемпионатында матч өткізді.
«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасында Павлодардың «Ертіс» командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал «Панатинаикос» Грекия чемпионатында «Астерасты» 5:1 есебімен ұтты. Осылайша, екі команда да еурокубоктағы екінші кездесуіне ішкі чемпионаттағы ірі жеңістен кейін шығады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Панатинаикос» кездесуіне билеттер сатылымға шыққан болатын. Матч 22 қазанда сағат 19:30-да басталады.