Қазақстан мен Қытай бірлесіп пилотсыз көлік шығаруды қолға алады

Жарияланды 22 Қазан 2026 10:11

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қазақстан мен Қытай ұшқышсыз аппарат шығаруды дамытады/ kursiv.media архиві

Қазақстан мен Қытай пилотсыз көлік технологияларын дамыту және көлік саласын цифрландыру бағытында ынтымақтастықты кеңейтеді, деп жазады Kursiv.Media.

Астанада өткен New Silk Way халықаралық көлік форумы аясында көлік министрлігі мен Қытайдың China Transinfo Group компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат пилотсыз көлік технологиялары мен цифрлық шешімдерді көлік саласына енгізу бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті көздейді.

Қазақстан бұған дейін Ресеймен бірлесіп, «Астана – Мәскеу» бағыты бойынша пилотсыз жүк көліктерінің сынақ жүрісін жүзеге асырған. Ендігі кезекте Қытаймен халықаралық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерінде осындай жобаны іске қосу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Жаңа бастама халықаралық жүк тасымалын дамытуға, логистиканың тиімділігін арттыруға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Тағы да оқыңыз: Астанада дрондар арқылы 4 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды

Сондай-ақ оқыңыз