Қазақстанда ірі салық берешегі бар азаматтардың шетелге шығуы шектеледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанда ірі салық берешегі бар азаматтардың шетелге шығуы шектеледі / Фото: Shutterstock

Қазақстанда 1 қазаннан бастап ірі салық берешегі бар азаматтардың елден шығуына уақытша шектеу қою шарасы қолданыла бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, ереже жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына (немесе оларды алмастырушыларға) қолданылады.

Шектеу берешек көлемі 27 мың АЕК-тен асса және оны 3 айдан астам уақыт бойы төлемеген жағдайда қолданылады. Шешім сот санкциясы арқылы жүзеге асады.

Салық өндірудің жаңа тәртібі:

  • 20 АЕК-ке дейін: Тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Бұғаттау немесе басқа шаралар қолданылмайды.
  • 20-дан 45 АЕК-ке дейін: Банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассолық өкімдер беріледі.
  • 45 АЕК-тен асса: Мүлікті сипаттау, сату және дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты барлық мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.

Комитеттің түсіндіруінше, бұл өзгерістер шағын берешектер үшін бизнестің жұмысын бұғаттауды тоқтатып, ірі салықты төлеуден қашатындарға жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Айта кетейік, елімізде салықты банк қосымшасы, eGov.kz немесе e-Salyq Azamat арқылы төлеуге болады. 

Сондай-ақ оқыңыз