Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстан туы көтерілді (видео)

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: gov.kz

Нью-Йорк орталығында Республика күніне орай Қазақстан туы көтерілді деп жазады Kursiv Media. Оның видеосын жергілікті фотограф Аркен Аван инстаграм парақшасында жариялаған.

Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі 22 қазанда Нью-Йорктегі Уолл-стрит көшесінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсім әйгілі Charging Bull бұқасының мүсіні жанында өтті.

видео: newyorkfaces

Туды көтеру рәсіміне Нью-Йоркте тұратын қазақстандықтар да жиналған. Олар бірігіп, Қазақстанның әнұранын шырқады.

Бұл АҚШ-та өткізілген алғашқы рәсім емес. Бұған дейін 2024 және 2025 жылдары БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен осындай шаралар өткізілген.

Осыған ұқсас шара Бельгия астанасы Брюссельде де ұйымдастырылды. Қазақстанның Республика күніне орай әйгілі «Маннекен Пис» мүсініне қазақтың ұлттық шапанын кигізілді.

Сондай-ақ оқыңыз