Астанада арнайы ХҚКО арқылы 74 адам заңсыз жүргізуші куәлігін алған
Жарияланды

Астанада 2025 жылы 74 азаматқа заңсыз жүргізуші куәлігін беру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Елордалық прокуратураның хабарлауынша, бұл қылмыстық схемаға арнайы ХҚКО қызметкерлері мен делдалдар қатысқан.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, делдалдар емтихан тапсырушыларға теориялық сұрақтардың жауаптарын айтып отырған, ал ХҚКО қызметкерлері практикалық емтиханнан өтті деген жалған ақпаратты базаға енгізген.
Осы іс бойынша күдіктілердің әрекеті қылмыстық топ құру және ақпаратты заңсыз өзгерту баптары бойынша бағаланды:
- 6 күдікті қамауға алынды;
- 1 адам үйқамақта;
- 3 адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Қазіргі уақытта заңсыз берілген 74 жүргізуші куәлігінің де күші жойылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгергенін хабарлаған еді.