Астанада күрестен әлем чемпионаты өтеді: Қазақстан құрамасы белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: olympic.kz

24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы әлемдік додада 30 салмақ дәрежесінің барлығында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Елордада ұйымдастырылатын жарыста балуандар грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша жүлделерді сарапқа салады. Қазақстан әр күрес түрінен 10 спортшыдан қатыстыруды жоспарлап отыр.

Ұлттық құраманың қорытынды тізіміне тәжірибелі балуандармен қатар жас спортшылар да енді.

Грек-рим күресі

Бұл сында Қазақстан намысын Айдос Сұлтанғали, Мейрамбек Айнағұлов және Нұрсұлтан Тұрсынов секілді тәжірибелі балуандар қорғайды.

Құраманың толық тізімі: Исхар Курбаев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Алматбек Аманбек (72 келі), Мерей Мәулитқанов (77 келі), Ибрагим Магомадов (82 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі), Ислам Евлоев (97 келі) және Олжас Сырлыбай (130 келі).

Еркін күрес

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының сапында Нұрқожа Қайпанов, Азамат Дәулетбеков және Ризабек Айтмұхан бар.

Әлем чемпионатына Мейрамбек Қартбай (57 келі), Асыл Айтақын (61 келі), Дастанбек Өсімжан (65 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Шамсат Таир (79 келі), Болат Сақаев (86 келі), Азамат Дәулетбеков (92 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі) және Едіге Қасымбек (125 келі) қатысады.

Әйелдер күресі

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Зейнеп Баянова, Жәмила Бақбергенова және Гүлмарал Еркебаева бастаған балуандар кілемге шығады.

Құрама сапына Зейнеп Баянова (50 келі), Айнұр Әшімова (53 келі), Лаура Алмағанбетова (55 келі), Алтын Шагаева (57 келі), Нилуфар Раимова (59 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Бейбіт Сейдуәлі (65 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) енді.

Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатына 30 балуанмен қатысып, барлық салмақ дәрежесінде медаль үшін күреседі. Жарыс 1 қарашада аяқталады.

Бұған дейін, 23 жасқа дейінгі грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз