Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

Елордадағы бірқатар тұрғын үй кешенінде жарық өшіп, тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді. Алайда «Астана-РЭК» АҚ жарықты сөндіру алдын ала жоспарланғанын мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Астана тұрғындары Threads әлеуметтік желісінде қаланың бірнеше ауданында жарықтың өшуіне шағымданды.

«Астананың барлық жерінде жарықтың өшуіне не себеп болды? Бұл Дженсен Хуангтың келуіне байланысты ма?», – деп жазды theospanov қолданушысы.

Еске салайық, 23 қазанда Қазақстанға Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг келген болатын.

Компания ескертуі

Компания уақытша шектеулер туралы алдын ала ескерткенін мәлімдеді. «Астана-РЭК» АҚ төмендегі мекенжайлар бойынша электр қуатын уақытша тоқтатады.

Алматы ауданы

09:00-ден 12:00-ге дейін:

  • Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы;
  • Қызан көшесі, 1–20-үйлер.

13:00-ден 16:30-ға дейін:

  • Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы;
  • Ер Қосай көшесі;
  • Ер Тарғын көшесі;
  • Арқайым көшесі;
  • Жаңа Арқа көшесі;
  • Ер Көкше көшесі.

Байқоңыр ауданы

09:00-ден 16:00-ге дейін:

  • Брусиловский көшесі;
  • Жұбанов көшесі;
  • Кенесары көшесі;
  • Одесский тұйық көшесі.

Нұра ауданы

09:00-ден 14:00-ге дейін:

  • «Aurora» тұрғын үй кешені;
  • Е-889 көшесі, 3-үй.

Сарыарқа ауданы

08:30-дан 16:30-ға дейін:

  • Шынтас тұйық көшесі;
  • Қарасай батыр көшесі;
  • Арқарағай тұйық көшесі.

Еске салайық, елордада қазан айынан бастап электр қуатының орташа тарифі өсуі мүмкін. Қазан айынан бастап орташа тариф 1 киловатт-сағат үшін 38,98 теңге деңгейінде болады. Бұл 1 шілдеден бастап қолданыста болған тарифтен 19,1%-ға жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз